Жаңа апта қандай болады? Жұлдыздар Зодиак белгілеріне не дайындап қойды?
Тоқты
20 наурыз - 19 сәуір
Сырттан қолдау күтпеңіз, жұмыста нәтижеге өз күшіңізбен жетуге тырысыңыз. Бұл аптада жеке өмірде асығыс шешім қабылдаудан аулақ болыңыз.
Торпақ
20 сәуір - 20 мамыр
Аяқталмаған істерді шешу керек, бірақ жаңа жобалардан да бас тартудың қажеті жоқ. Уақытты дұрыс жоспарлау барлық шаруаға үлгеруге көмектеседі.
Егіздер
21 мамыр - 20 маусым
Егіздер өз өміріне өзгерістерді белсенді әрекет арқылы ғана енгізе алады. Жұлдыздар өзіңізге сенімді болуды ұсынады, сол кезде нәтиже ұзақ күттірмейді.
Шаян
21 маусым - 22 шілде
Әрекет етпестен бұрын жақсылап ойланыңыз, ұсақ-түйектерге мән беріңіз. Бұл аптада барынша сабырлы болуға тырысыңыз, асығыс шешім қабылдамау ұсынылады.
Арыстан
23 шілде - 22 тамыз
Бұл жұлдыз белгісі өкілдеріне эмоционалды тепе-теңдік сақтау ұсынылады. Барлық жоспарыңыз күтпеген жерден орындала бастайды.
Бикеш
23 тамыз - 22 қыркүйек
Негатив эмоцияларыңызды ұстауға тырысыңыз, әйтпесе, отбасыда жанжал туындауы мүмкін. Жұмыста қалаған нәтижеге жету үшін жылдам әрекет ету керек болады.
Таразы
23 қыркүйек - 22 қазан
Бұл аптада Таразыларға көбірек демалған пайдалы. Өмір ырғағын баяулатыңыз және жан дүниеңіздің жағдайын теңдестіруге тырысыңыз.
Сарышаян
23 қазан - 21 қараша
Серігіңізге көңіл бөліңіз. Барлық ойыңызды оң бағытқа қоюға тырысыңыз. Негатив эмоциялармен күресуге спортпен айналысу көмектеседі.
Мерген
22 қараша - 21 желтоқсан
Жалқаулыққа бой алдырмай, өзіңізді қолға алыңыз. Бұл әрекетімен Мергендер сәтті мүмкіндіктен айырылып қалуы мүмкін.
Тауешкі
22 желтоқсан - 20 қаңтар
Барлық жағдай мен өзгерісті қабылдаңыз. Кейде жағдайды өзгертуге тырыспаған дұрыс.
Суқұйғыш
21 қаңтар - 18 ақпан
Суқұйғыштар бұл аптада жұмыстан босамайды. Қаржылық жағдайыңыз жақсы болады.
Балықтар
19 ақпан - 19 наурыз
Басшылық бастамаңызды қолдайды. Шығармашылыққа ерік беріңіз. Өз идеяларыңыз бен жетістіктеріңізді қорғауға арналған жақсы уақыт.