Көктемде теріге қалай күтім жасау керек? Маман кеңесі

Көктемде теріге қалай күтім жасау керек? Маман кеңесі
Фото: depositphotos.com

Көктемде теріге қалай күтім жасау керек? Бұл туралы тері аурулары және косметология маманы Екатерина Цыганкова lenta.ru басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, ең жиі кездесетін қателіктің бірі - қысқы күтімді бірден ауыстыру. Әсіресе, қышқылдар мен ретинол сияқты әсері күшті құралдарды бірден қолдану қауіпті. Өйткені күн сәулесінің белсенділігі арта бастаған кезде мұндай әрекет терінің қабынуына және дақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.

Косметолог атап өткен тағы бір кең таралған мәселе - күннен қорғайтын SPF қолданбау. Ультракүлгін сәуле терінің сезімталдығын күшейтіп, розацеа, атопиялық дерматит, псориаз және басқа да тері ауруларының асқынуына себеп болуы мүмкін.  Сонымен қатар, кейбір дәрілерді қабылдаған кезде терінің жарыққа сезімталдығы артып, түрлі тері реакциялары жиілеуі мүмкін.

Сарапшының айтуынша, қыс бойы үйдегі жылыту маусымынан кейін көктемге қарай тері әлсіреп қалады. Құрғақ ауа терінің қорғаныш қабатын бұзады, ылғал жоғалту күшейеді, ал тері майы көбірек бөлінуі мүмкін. Соның салдарынан тері сырттай майлы болып көрінгенімен, шын мәнінде сусызданған күйде болады. 

Маман көктемгі күтімге біртіндеп көшуді ұсынады: кешке қоюлау күтім құралдарын қолдана беріп, таңертең жеңіл текстуралы өнімдер жағу керек және күн сайын SPF қолдану қажет. Белсенді компоненттерді күтімге абайлап, тек тұрақты күннен қорғаныс болған жағдайда ғана енгізген жөн.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget