Қазгидромет 5, 6, 7 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауады. 5, 6 наурызда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік өңірлерде боран соғады.
Елдің оңтүстігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!