Қазгидромет 4, 5, 6 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады. Тек республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.
Ел бойынша жел күшейіп, тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!