- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қоқан-лоқы жасап жатыр"....
"Қоқан-лоқы жасап жатыр". Танымал журналист Анна Данченко тосын жазба жариялады
Танымал журналист Анна Данченко бұрынғы сүйіктісіне қарызға ақша беріп, енді қазір оның тарапынан қоқан-лоқыға тап болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, осыдан екі жыл бұрын қарызға берген ақшасын сұраған. Алайда ақшасын қайтара алмаған журналист енді осы мәселеге орай сотқа жүгінбек.
"Шыдамның да шегі бар. Үндемедім. Күттім. Сотқа жүгінуден басқа амалым қалмады. Бұрын жүрген жігітім ағасының еміне қарызға ақша сұрады, екі ападатан кейін қайтарамын деп. Ол кезде біз бірге едік. Екі жыл өтті. Жақында ғана "анамның еміне қажет ол ақша" деп сұрадым. Оған бәрібір екен менің анамның денсаулығы. Әкемді жерлейтін кезде де өз ақшамды сұрадым. Қайтармады. Енді сұрасам маған қоқан-лоқы жасап жатыр. Енді сұрақ, жігіт маған қарыз, оның үстіне бопсалайды. Бұл дұрыс па? Нағыз ер жігіт осындай әрекетке бара ма? Сотта кездесеміз дедім, күлді", - деді ол.
Тележүргізуші енді заңгер, адвокат іздеп жатыр. Сонымен қатар, оқырмандарына ешқашан ешкімге қарыз бермеуге кеңес берді.
Анна Данченконың әлеуметтік желідегі парақшасынан
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова