Азық-түліктегі зең – қауіпті белгі. Бұл оның бүлінгенін және жеуге жарамсыз екенін білдіреді. Оның түрі жағымсыз және иісі нашар, сондай-ақ ол денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Кей адамдар өнімнің көгерген жерін алып тастаса ештеңе болмайды десе, басқалары мұндай өнімді мүлдем жеуге болмайтынын айтады.
Тағамдық зең – кез келген ғимаратта және ашық ауада кездесетін микроскопиялық саңырауқұлақ. Бірақ зең саңырауқұлақтарының көбеюіне және таралуына ерекше шарттар керек. Жылы және ылғал жерде сақталатын азық-түлік саңырауқұлақтар таралуына бейім келеді, алайда суықта да өздерін жақсы сезінетін саңырауқұлақ түрлері бар. Сондай-ақ зең тұзды және тәтті ортада тез таралады.
Зең несімен қауіпті?
Тосап құтысының бетіндегі сізге көрінген көгерген жер – зеңнің аз ғана бөлігі. Көзге көрінетін бөлік саңырауқұлақ споралары бүкіл құтыға таралғанын және микротоксиндер бөлгенін білдіреді.
Тамаққа көгерген өнімнің зең басқан жерлерін алып тастап қолдану немесе оны жеу жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін. Мұндай саңырауқұлақ түрлері өлімге әкелетін токсиндер бөлмейді, бірақ жағымсыз аллергиялық реакция немесе тағамдық улану тудыруы мүмкін.
Көгерген өнімді бір рет жегеннен ештеңе сезбеуіңіз мүмкін, бірақ ол ағзада жинала береді. Оны жүйелі түрде жеу ауыр аурулардың пайда болу қаупін арттырады.
Ал зең спораларын иіскеу одан да қауіптірек. Сондықтан тағамдағы көгерген жерді көрсеңіз, оны иіскемеңіз. Ол аллергия беруі мүмкін.
Қандай көгерген өнімдерді "құтқаруға" болады?
Нан өнімдерінен жиі зең байқауға болады. Көгерген наннан бірден арылу керек. Сондай-ақ мына өнімдердің жайлап болсын көгергенін байқасаңыз, бірден арылыңыз:
Бірақ кей өнімдердің көгерген жерін кесіп тастау оны тағы бірнеше күнге сақтауға мүмкіндік береді. Саңырауқұлақтар жылдам еніп үлгермейтін қатты өнімдерді ғана сақтай аласыз. Оларға мыналар жатады:
Егер көгерген өнімді байқамай жеп қойсаңыз, хал-жағдайыңызды бақылаңыз. Жағдайыңыз нашарласа, демікпе пайда болса немесе жүрек айныса, дәрігерге қаралыңыз.