Танымал мобилограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш курсын сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актриса Гүлзада Тұрлаш жақында әйелдерге арналған курсын жариялаған еді. Курс жарнамасы Желіде қызу талқыға түсті. Тележүргізуші Айгүл Мүкей актрисаның курсын сынап тастаған еді. Гүлзада Тұрлаш Instagram Stories-інде хейтерлеріне жауап берді.
"Үндемей келдім, бірақ бақытсыз әйелдер мен назардан тыс қалған әйелдер туралы сөз қозғайтын уақыт келді. Өзін "қоғам қайраткері" деп санайтын кейбіреулер шын өмірде назардан тыс қалған. Мені өз парақшаларына салып, маған жарнама жасап жүр", - деп жазған ол.
"Мен - шынымен бақытты әйелмін, өйткені мен күйеуімнің жалғыз әрі заңды әйелімін. "Қоғам қайраткері" ханымның өмірде орнын таппағаны өкінішті. Мені жек көретін әрбір әйел тұрмыста зорлық көрген, абьюзермен тұрады немесе реніші көп жалғызбасты әйел, тағы бір пункті атамай-ақ қояйын. Қыздар, маған дайректе жазыңдар, мен сендерге психолог кеңесін төлеп берейін, әйтпесе былай өмір сүру қиын", - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін танымал тележүргізуші, актриса Айгүл Мукей Гүлзада Тұрлаштың әйелдерге арналған курсына сын айтқан еді.
"Қыран Талапбекті құрметтеймін, талант... Оның да жары да жақсы адам шығар... бірақ мынадай жолмен бітпейтін курстарды сата беру - қайғылы жағдай және өте жаман мысал. Оның айтпағы басқа болғанын жазбай-ақ қойыңдар, мен естігенімді естідім. Қыздар, ақша тапқыларың келеді, түсінемін, "күйеуіңнен ақша сыпырып алу" курсы күлкілі емес, ақылға сыймайды", - деп жазған Айгүл Мүкей.
Тағы да оқи отырыңыздар: Гемоглобинді қалай көтеруге болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!