Жуырда ғалымдар 53 ғылыми зерттеудің нәтижесін саралап, кофеиннің сүйекке шын мәнінде қалай әсер ететінін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Nutrients журналында жарияланған зерттеу кофеиннің сүйекке әсері оның қанша мөлшерде ішілетініне байланысты екенін көрсетті.
Ғалымдардың айтуынша, күніне 1-3 кесе кофе ішу сүйекке айтарлықтай зиян келтірмейді. Тіпті кей жағдайда пайдасы да болуы мүмкін. Өйткені кофедегі антиоксиданттар ағзадағы қабынуды азайтып, сүйек саулығына оң әсер етеді.
Ал кофе мөлшері көбейген сайын кері әсері байқала бастайды. Күніне 4-5 кеседен артық немесе 400 миллиграмнан көп кофеин ішу сүйек жасушаларының қалпына келуін баяулатып, сүйектің минералдық құрамын әлсіретуі және кальцийдің ағзадан көбірек шығарылуына әсер етуі мүмкін.
Кофеден бас тартудың қажеті жоқ. Тек мөлшерін біліп ішкен жөн:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!