Дәрігер Мария Санс Альмасан бір санаттағы адамдарға суық суға түсуге болмайтынын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Маман жүрек ауруына шалдыққандарға салқын душтан сақтануды ескертті. Оның айтуынша, төмен температурадағы су жүрек соғысы жиілеуіне және қан тамырлары шамадан тыс тарылуына әкеп соғуы мүмкін. Ал бұл естен тану, стенокардия, тіпті инфаркт қаупін тудырады.
Дәрігердің сөзінше, суық душ түрлі тері ауруларының өршуіне де әкеп соғады.
Сонымен қатар, Мария Санс Альмасан суық судың қарсы көрсетілімдері арасында Рейно синдромы мен қант диабетін ерекше атады.
Еске салайық, бұған дейін рентгенохирург Ержан Әбілханов дене қимылын көп жасамайтын адамдар жүректің ишемиялық ауруларын сезбей жүре беруі мүмкін екенін айтты.
Елімізде жылына 40 мың адам жүрек, қан тамыры ауруларынан көз жұмады. Жүрек, қан тамыры аурулары - өлім-жітімнің басты себебі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова