Құрма құрамында көптеген пайдалы микро және макроэлемент бар өнім. Бірақ кез келген өнімді тұтынудың шектеуі бар. Гастроэнтеролог Кэтрин Кашух құрманың пайдасы қандай екенін және оны кімдерге жеуге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, құрма:
Осылайша, құрманы жүйелі тұрде жеу жүйке мен ас қорыту жүйесінің жұмысына оң әсер береді, иммунитетті нығайтады, бірқатар созылмалы аурудың алдын алады және ағзаның сау әрі сергек болуына көмектеседі.
Дегенмен құрманың құрамында қант мөлшері өте көп.
Барлық пайдалы қасиетіне қарамастан, құрма құрамында қант көп. Қанттың ағзаға кірген мөлшері шамадан тыс болса, глюкозаға айналып, инсулиннің көмегімен дененің жасушаларына сіңіп, энергия ретінде қолданылады. Алайда, қантты жиі және артық тұтынған кезде жасушаның инсулинге сезімталдығы төмендейді.
Салдарынан глюкозаны сіңіру процесі баяулап, қанда оның артық мөлшері қалады. Екінші типтегі қант диабеті дамиды. Сонымен қатар, ағза энергия көзі ретінде пайдаланбайтын артық қант май тініне айналады. Бұл салмақ қосу мен семіздікке әкеп соқтыруы мүмкін. Семіздік өз кезегінде көптеген созылмалы аурудың, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторіне айналады.
Құрманы кімдерге жеуге болмайды?
Артық салмағы бар және қант диабетіне бейім адамдар құрманы аз мөлшерде жегені абзал. Сонымен қатар, құрма газ түзілу процесін күшейтеді, сондықтан асқазан-ішек жолдары сезімтал адамдар құрманы сақтықпен тұтынуы керек.
Денсаулыққа зиян тигізбей, құрмадан маңызды дәрумен мен минерал алу үшін күніне 3-4 құрма жеуге болады. Құрма таңертең сергектік, ал кешке ұйқыны қашыратындықтан, оны күннің бірінші жартысында жеген абзалырақ. Егер құрма тым тәтті болса, оны әртүрлі тағам сұлы, сүзбе немесе йогурт, тіпті салатпен араластырып тұтынуға болады.
Құрма жинау кезінде өндірушілер қант пен консерванттың көп мөлшерін пайдаланады. Осы себеппен құрманы сатып алатын кезде жапсырмадағы ақпаратпен танысып, өңделмеген жеміске артықшылық беру керек, өйткені олардың пайдасы әлдеқайда көп.
Айта кетейік, бұған дейін құрманың денсаулыққа өзге де пайдасы қандай екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстан аумағында қанша экономикалық аудан бар?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!