Кімдерге котлетті көп жемеген дұрыс?

Кейбір адамдар котлет жеуден бас тартқаны жөн. Дәрігердің айтуынша, белгілі бір аурулары бар адамдар бұл тағамды тұтынбағаны абзал. Диетолог әрі эндокринолог Антон Поляков денсаулыққа қандай жағдайда зиян келуі мүмкін екенін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның сөзінше, бұл шектеу ең алдымен бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарға қатысты. Оның пікірінше, мұндай дерт кезінде ақуызды тұтыну мөлшеріне шектеу қойылады, ал ет өнімдерінің құрамында ақуыз өте көп болады.

Сондай-ақ, диетолог артық салмақпен күресіп жүргендерге котлеттен бас тартуға кеңес берді. Ол мұның сиыр етінен дайындалған котлетке қатысты екенін нақтылады.

Еске салайық, бұған дейін маман бауыр обырына байланысты ескерту жасады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!