- Негізгі бет
- LifeStyle
- Кімдерге жүзумен шұғылдануға...
Кімдерге жүзумен шұғылдануға болмайды?
Жүзу – денсаулықты нығайтудың тамаша тәсілі, бірақ кейбір адамдарға спорттың бұл түрімен шұғылдануға болмайды. Бұл туралы қалпына келтіру медицинасы бөлімінің әдіскер-нұсқаушысы Кирилл Антонов айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "РИАМО-ға" сілтеме жасап.
"Жүректің ауыр аурулары, тыныс алу жүйесінің проблемалары немесе терінің жұқпалы ауруларымен зардап шегіп жүрген белгілі бір адамдар жүзумен шұғылданбағаны дұрыс. Сондай-ақ психикалық ауытқулары және созылмалы аурулары бар адамдарға алдымен дәрігермен кеңесу ұсынылады", – деді маман.
Кирилл Антонов қарсы көрсетілімдері жоқ адамдар үшін жүзу өте пайдалы екенін айтты, өйткені жаттығулар кезінде барлық дерлік бұлшық ет топтары қатысады. Жүзу стресті жеңілдетуге, икемділікті дамытуға, бұлшық еттерді нығайтуға көмектеседі.
Маманның сөзінше, белсенділіктің бұл түрі арнайы дағдыларды қажет етпейді, тек негізгі дайындықпен жақсы үйлестіру қажет.
Еске салайық, бұған дейін жүзу арқылы салмақ тастау қаншалық мүмкін екені хабарланған болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә