Алма – барлық адам дерлік жақсы көретін жемістің бірі. Алайда оны кей адамдарға жеуге болмайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Styler"-ге сілтеме жасап.
Алманың пайдасы
Алма түрлі дәрумендер мен микроэлементтерге бай: C, B1, B2, P, E дәрумендері және марганец, калий, темір. Сондай-ақ ол бет реңкін жақсартуға және қартаю процесін баяулатуға көмектесетін пектинге бай. Алманың құрамындағы жасұнық ұзақ қорытылады, сондықтан ол көпке дейін тоқтық сезімін береді. Бұл салмақты бақылауда ұстауға көмектеседі. Алма аллергия беретін өнім емес, сондықтан оны көптеген адамға жеуге болады.
Алманы кімдерге жеуге болмайды?
Мына жағдайларда алмадан бас тартқан жөн:
Ұйықтар алдында алма жеуге бола ма?
Асқазан-ішек жолы проблемалары бар және диабетпен қиналатын адамдарға алманы кешкісін жеу зиян.