"Кілт әкеліп берді". Ерке Есмахан күйеуінен алған ең бағалы сыйлығы туралы айтты

"Кілт әкеліп берді". Ерке Есмахан күйеуінен алған ең бағалы сыйлығы туралы айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan?

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Raim-нан алған ең бағалы сыйлығы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Raim сыйды өнер адамдары қыз бен жігіт болып сөйлесіп жүрген кезінде тарту еткен.

"2022 жыл соңында Меккеге барған еді. Әлі қыз бен жігіт болып сөйлесіп жүрген кезіміз. Сол жерден маған кілт әкеп сыйлады. Кілтте "Инни ухыббу-кя фи-Лляхи" деген жазу болды. Мағынасы - мен сені аллах разылығы үшін жақсы көремін.
Сол кілт жаныма жақын. 
Содан соң әрқашан бір-бірімізге "Инни ухыббу-кя фи-Лляхи" деп сезімімізді білдіреміз", - деді әнші.

 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә