Дәрігер-сомнолог Карема Магомедова кино немесе түрлі видеоларды көріп жатып ұйықтап кетудің денсаулыққа кері әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, мұндай әдет адамның толық тынығып ұйықтауына кедергі келтіреді. Адам экранға тікелей қарамаса да, оның жарығы мелатонин гормонының бөлінуін тежейді. Нәтижесінде ми толық демалмай, ұйқы кезінде де ақпаратты өңдей береді.
"Экранның жарығы мелатониннің бөлінуін азайтады. Ми ұйқы кезінде де ақпаратты өңдеп, жүйке жүйесі артық жүктемеге ұшырайды. Соның салдарынан адам сегіз сағат ұйықтаса да өзін толық сергек сезінбеуі мүмкін", - дейді дәрігер.
Ал тыныштықта ұйықтай алмайтын адамдарға маман табиғат дыбыстарын немесе баяу, сөзсіз әуенді қосуға кеңес береді. Мұндай музыканың дыбыс деңгейі бірқалыпты болғаны маңызды. Өйткені дыбысы күрт өзгеретін әуендер де ұйқының сапасын төмендетуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz