Киімді дұрыс жумаса не болады? Эпидемиолог ескертті

Киімді дұрыс жумау денсаулыққа кері әсер етіп, түрлі ауруға негіз болуы мүмкін. Бұл туралы эпидемиолог Геннадий Онищенко ТАСС агенттігіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маманның айтуынша, бүгінде адамдар киімді күтіп ұстаудың жаңа тәсілдерін қолдана бастағанымен, олардың гигиеналық талаптарға қаншалық сай келетінін ескере бермейді.

Эпидемиолог бұған мысал ретінде киімді 30 градус температурада жууды және үтіктеуден бас тартуды атады.

Дәрігердің сөзінше, мұндай жағдайда үйде және төсек-орында тіршілік ететін ұсақ кенелердің көбеюіне қолайлы орта қалыптасуы мүмкін.

Көзге көрінбейтіндей ұсақ болғанымен, бұл кенелер түрлі аллергиялық аурулардың пайда болуына себеп болуы ықтимал.

Онищенко киімді үтіктеу оның сыртқы көрінісін ретке келтіріп қана қоймай, тазалығын сақтауға да көмектесетінін атап өтті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз