Солтүстік Корея киноиндустриясын әлемдік деңгейге шығаруға атсалысқан режиссер Шин Саң Ок пен актриса Чхве Ын Хи болды. Оларды Ким Чен Ир тапсырысымен Гонконгтан ұрлап кетіп Солтүстік Кореяға әкелген. Олар 8 жыл тұтқында болып, мәжбүрлі түрде жұмыс істеген.
КХДР басшысы Ким Чен Ирдің ұлы бала кезінен кино саласының фанаты болады. 1973 году жылы ол "Кино өнер туралы" еңбек жазып, оны жергілікті индустрия қызметкерлеріне оқуға міндеттейді. Бірақ солтүстк кореялық фильмдер кітаптан кейін де, дейін де өзгермеді. Әр фильм сюжетінде халық коммунистік партияны шексіз жақсы көрді, капиталистік басқыншыларына қарсы күрескен.
Ким Чен Ир болса Джеймс Бондты және кунг-фу туралы фильмдерді жақсы көретін. Ол Солтүстік Корея өз фильмдерімен әлемді мойындатқанын қалайтын, бірақ жергілікті режиссерлердің қолынан бұл келмеді. Сол себепті өзге ел режиссерлерін ұрлауға шешім қабылдайды.
1950—1960 жылдары режиссер Шин Саң Ок пен оның әйелі актриса Чхве Ын Хи оңтүстік кореялық кино саласының бетке ұстар жұбы болды. Олар 1973 жылы ажырасып кетсе де, арадағы достық қарым-қатынасты сақтап қалды. 1978 жылы Ын Хи Гонконгқа киноға түсуге барып, із-түссіз жоғалып кетеді. Шин оны іздеу үшін артынан аттанады да, ол да хабарсыз кетеді. Олардың қайда кеткені тек 6 жылдан кейін ғана белгілі болады.
Бес жыл қамауда
Чхве Ын Хиді Пхеньяндағы арнайы күзет орналтылған бос үйге орналастырып, бірнеше күннен кейін Ким Чен Ирмен кездесуге апарады. Ол одан қалай демалғанын және неге қорқып тұрғанын сұраған.
Кейінгі 5 жылда Чхве Ким Чен Ирмен жиі кездескен. Бұл кездесулер оның мәртебесіне еш әсер етпеген. Ол сол күйі тұтқын болып қалған еді. Актриса үшін ең қиыны чучхенің көптомды туындыны жаттау әрі жыл сайын ұлы көшбасшыға құттықтау хатын жазу болған. Әрі құттықтау ешқашан қайталанбауы тиіс.
Шинді мүлде басқа үйге орналастырған. Бір күні ол велосипедті ұрлап, сол арқылы теміржол бекетіне жеткен. Шекараны кесіп өтемін деген үмітпен вагон төбесіне шығып алады. Бірақ солтүстік кореялық пойыздар шекараны кесіп өтпейтін еді. Бірнеше сағаттан соң Шин ұйықтап кетеді. Машинист байқап қалып, арнайы органдарға хабаласады. Шинді саяси тұтқындар абақтысына отырғызады.
Ол жерде режиссер қарсылығын білдіру үшін ұйқыдан тұрған соң екі сағат қолын жоғары көтеріп тұрған. Ал қалған уақытта лотос позасында үнсіз отырған. Өзін аштан қатырмақшы болған режиссерді мәжбүрлі түрде тамақтандырған. Күзетші Шинге биліктегілер үшін өмірі маңызды алғашқы тұтқын екенін айтқан.
Екі жылдан соң кешірім беру туралы өтініш хат жолдай бастаған. Бір жылдан кейін оған куратор беріп, чучхе кітабын оқу міндеттеледі. Ким Ир Сеннің туған күніне таман режиссерге құттықтау хатын жазатын арнайы қағаз берілді.
Құбыжықтар мен ниндзя
Режиссерді еркінен тыс ұрлап кеткеннен кейін араға 5 жыл салып Ким Чен Ир ұлы жоспарын іске асыратын сәт туды деп шешеді. Солтүстік Корея фильмін әлем мойындауы тиіс еді. Шин мен Чхве хабарсыз жоғалған сәттен бері алғаш рет бір-бірін көреді.
1983 жылдың қазанында жұп болып кино саласына қайта оралады. Оларға бар жағдай жасалады. Ким Чен Ирдің өзі болса жиі хабарласып, мән-жайды біліп, қонақтар шақырып тұрған.
Екі жыл ішінде олар 17 картинаның тұсауын кесіп, елдегі көптеген табуды бұзады. Шин Саң Октың арқасында Солтүстік Кореяда алғаш рет халықтың Ким Ир Сенге деген махаббаты жайында емес, қыз бен жігіт арасындағы сезімі баяндалған кино жарыққа шығады. Оның танымал фильмдерінің қатарына "Пульгасари" мен "Хон Гиль Дон" кіреді. Біріншісі Годзиллаға ұқсайтын алып құбыжық жайында болады.
Ал екінші фильмді, тіпті, КСРО аймағында көрсеткен. Фильмде ниндзялар болып, түрлі экшен сахналар болады. Картина кеңес одағының адамдары үшін жаңалық болып, шығыс жекпе-жек өнеріне деген қызығушылықты оятқан еді.
Ким Чен Ир фильмдерге риза болып, түсірілім тобына бір көлік сый жіберген. Шин мен Чхвенің халықаралық фестивальдерге қатысу үшін шетелге шығара бастады. Жұп болса әрдайым күлімдеп жүріп, Оңтүстік Корея саясатын сынап, Пхеньяндағы өмірлеріне ризашылықтарын білдірген. Арнайы күзет қызметкерлері олардың ізінен бір елі қалмаған.
Қашу операциясы
Бақытты екенін айтса да, жұп ешқашан қашу туралы ойды бастан шығармаған. 1985 жылы Ким Чен Ирмен арадағы әңгіме жазылған таспаны киносыншылар арқылы АҚШ-қа жіберген. CIA үшін бұл нағыз сенсация еді. Өйткені, Солтүстік Кореядан тысқары жатқан барлық мемлекет Ким Чен Ирдің дауысын естімеген еді.
1986 жылдың 13 наурызында Венада Шин мен Чхве амалын тауып, қашып АҚШ елшілігіне жетеді. Шин Оңтүстік Кореяға оралғысы келмеді, өйткені оны бәрі өз қалауымен кетті деп сөккен болады. Кейін ол голливудта тағы бірнеше фильм түсірді.
Ким Чен Ир болса қатты өкпелеп қалды. Түсірілген 17- фильмнің тек жетеуі ғана сатылымға шықты. Ал қалған 10 фильмде "сатқын" аты көрсетілмеді.
Солтүстік Кореяның киноиндустриясын дамыту ешкімнің қолынан келмеді. Амалсыздан ол 1990-жылдар аяғында "Титаник" фильмін елге көрсеткен. Кейін елде өзінің "Титанигі" шықты. Оны "Жан айқайы" деп атады. Картинада Екінші Дүниежүзілік соғыс аяғында Жапонияда тұтқын болған кәрістер мінген "Укусима мару" кемесінің апаты баяндалады.
"Жан айқайы" фильмі Оңтүстік Кореяға 375 000 долларға сатылады. Фильм тұсаукесірінен бірнеше айдан соң, сол апаттан аман қалған 15 адам сотта Жапониядан компенсация мен кешірімді талап етіп, жеңіске жетеді. Осылайша Солтүстік Корея ойламаған жерден оңтүстік "бауырларына" әділдікке қол жеткізуге септігін тигізеді. Одан басқа Солтүстік Корея фильмдерін ешкім сатып алмады.