"Кездесейік". Жұлдыз Әбдікәрімова қыдыруға шақыратындарға қарсы емесін айтты

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова кездесуге, қыдыруға шақыратын жігіттерге қарсы емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алдағы екі күн Шым қаланың қай жеріне барсам болады? Шымкенттік оқырман, кеңесіңіз?", - деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

"Мен күтіп алайын қайныңыз болам", "Сізбен кездесуге болады ма?", "Біздің үйге келіңіз", "Қай жерде тойда боласыз? Барып, көріп, фотоға түсіп, гүл сыйлап қайтсақ", "Өзім қыдыртамын, келе беріңіз Жұлдыз ханым", "Сізді шәйға шақыруға болады ма?" деген оқырмандарына Жұлдыз Әбдікәрімова өте жылы жауап берді. 

"Шақырып көріңіз", "Кездесейік", "Не де болса өзіңіз сияқты оқырмандарыма сеніп, ұшып келемін" деп жазды ол. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!