“Кейде ажырасқым келетін кездер болады“. Рэпер Аль Nasr эксклюзив сұхбат берді

Kezdesu-дің кезекті қонағы – актер, рэпер Назар Шархан. "Келінжан" сериалы арқылы танылған өнер иесі шығармашылығындағы кейінгі жаңалықтары мен қоғамдағы жайттарға қатысты пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі отбасындағы қарым-қатынас туралы ашып айтты. 

"Әйеліммен екі бұрын ұрсып қалдық. Тұрмыстық жағдайға қатысты ғой. Ұрысып қалсақ, мен үйден кетіп қаламын, қонбаймын. Біз бірге тұрып жатұанымызға 11 жыл болып тұрмыз. Бізде ұрысқа иммунитет қалыптасқан. Қазір сөзге келсек, 1-2 күннен кейін сөйлесіп кетеміз. Бұрын ұзақ сөйлеспей кететін кезіміз болатын. Бастысы - ара суып кетпесе болғаны. Себебі кейде арамыз суыған адамдарды іздемей кетемін. Уақыт өте келе бұрынғы сәттерді еске аламын да, қандай дос, бауыр едік?! Негізі дос, бауыр, сүйікті болып қалғанға не жетсін?! Ұстазым Болат Атабаев айтпақшы, ер адам бір әйелді бақытты ете алмаса, онда ол несіне еркек болып жүр дейтін. Сол майданда шайқасып өтеміз", - деді ол. 

Назар Шархан ажырасу туралы ойы бар ер адамдарға отбасын сақтап қалуға кеңес беріп, өз ұстанымын айтты. 

"Мен кейде күнде ажырасқым келеді. Таңертең бірнәрсе ұнамайды, бірнәрсені өзгерткім келеді. Бірақ әйелім, балаларымның анасы менімен көпті көрді. Мен қалай ажырасамын?! Тіпті біреуге ғашық болсам да, мен әйелімді ешқашан тастамаймын деген ұстанымым бар. Демек бұл ойды біреулер салады. Оған ерсек, біз жеңілеміз. Сондықтан отбасын сақтап қалу керек", - деді Назар Шархан. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!