“Кетпесеңдер, өлесіңдер“. Әлемді шулатқан АҚШ-тағы дауыл туралы не белгілі?

10 қазанға қараған түні АҚШ-тың Флорида штатының батыс жағалауында "Милтон" дауылы болды. Табиғи алапат кезінде желдің екпіні 70 м/с дейін жетіп, торнадо мен су тасқыны бірнеше үй-жайды қиратты, салдарынан 10-нан астам адам қаза тапты.

"Милтон" неліктен ғасырдың ең күшті дауылы саналады? Ғалымдардың болжамына сәйкес дауыл 5-санатқа жеткенде не болар еді? Оның салдары туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі анықтады.

Ғасырдың ең жойқын дауылы – "Милтон"

Флорида штатының тұрғындары 27 қыркүйекте болған күшті дауылдың бірі – "Хелен" дауылынан есін жинай алмай жатқанда, "Милтон" дауылын сезінді. Хелен 1851 жылдан бері Мексика шығанағындағы ең қуатты дауылдың біріне айналып, Флорида, Джорджия, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Вирджиния және Теннесси штаттарын қиратты, шамамен 235 адамның өмірін қиған болатын. Ал "Милтон" дауылын ғалымдар бұдан да күшті зілзала деп болжады. Олар "Хелен" дауылын "Милтонның" жай ғана "дабыл қоңырауы" болғанын айтып, ол 6-санатқа дейін күшеюі мүмкін деп қорықты.

Сарапшылар алдымен "Милтон" қауіптілігі бойынша 5-санатта екенін айтты, алайда АҚШ Ұлттық дауылды бақылау орталығының мәліметінше, дауыл Флорида штатындағы Сиеста-Ки маңындағы жағалауға сағатына 190 шақырымнан асатын, екпіні 3-ші санаттағы дауыл ретінде жетті.

Фото: АҚШ Геологиялық қызметі

Көп ұзамай "Милтон" дауылы 1-санатқа дейін әлсіреді. 10 қазанда таңертеңгі жағдай бойынша желдің жылдамдығы сағатына шамамен 145 шақырымға түсті.

Анықтама. Саффир-Симпсон дауыл шкаласы бойынша дауылдардың 5 санаты бар. Ең қуаттысы – 5-ші санат бойынша бағаланады, мұнда желдің тұрақты жылдамдығы сағатына 252 шақырымға жетуі мүмкін, ал екпіні әлдеқайда күшті болады. Ауа райының қолайсыздығы үйлерді, ағаштарды, жарнама тақталарын, сымдарды бұзуы мүмкін.

Штаттағы ауқымды эвакуация

Флоридада тарихтағы ең үлкен эвакуация жарияланды. Жергілікті билік бұл өмір мен өлім мәселесі екенін алға тартты, сондықтан адамдар аман қалу үшін үйлерін тастап, басқа штаттарға кете бастады.

Флорида штатының билігі 5,5 миллион тұрғынды шұғыл түрде эвакуациялауға шақырды. Жаппай эвакуация 7 қазан, дүйсенбіде басталды. Хайуанаттар жануарлар бағынан, қарттар үйіндегі адамдар эвакуацияланды, кейбіреулері жылжымалы үйлерімен бірге кетіп жатты. 

Фото: Reuters

Инфрақұрылымды, сондай-ақ жеке үй-жайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлар қызметі терезелерді бітеп, құмнан дамба салды, барлық қауіпсіздік шарасын жүргізді. Ауруханалар, құтқарушылар, құқық қорғау органдары – барлық шұғыл қызмет салдарды жоюға және зардап шеккендерге көмектесуге дайын болды. 300-ден астам аурухана науқастарын басқа медициналық мекемелерге көшірді.

Флоридадағы супермаркеттер мен жанармай құю бекеттерінде үлкен тапшылық болды. Адамдар дүрбелеңге түсіп, дүкендердегі барлық өнімді сатып ала бастады.

Флорида супермаркеттер сөрелері босап қалды.

@diago_fernandez Praying to God for everyone in fl. #hurricane #ciclon #milton #weather #floridalife #supermarkets #water #produce #protection #god ♬ The Time is Coming - Aery Yormany

"Кетпесеңіздер, сіздерді өлім күтіп тұр"

Штаттың үшінші үлкен қаласы – Тампаның мэрі соңғы 100 жылдағы ең күшті дауыл аймағында қалу өлімге тең екенін ескертті.

"Егер эвакуацияланатын жерлерден кетпеуді шешсеңіз, өлетініңіз туралы ешқандай драмасыз айта аламын", – деді Джейн Кастор CNN.

Сонымен қатар штат тұрғындары әлеуметтік желідегі парақшасында жергілікті билік эвакуацияланудан бас тартқан тұрғындарға, мәйіттің жеке басын анықтау кезінде оңай болуы үшін маркермен қолдарына аты-жөні мен туған күндерін жазып қоюды сұрағанын айтты.

@ronvaldes98 Cuidense gente 🙏🏻 #huracan #huracanmilton #staysafe #parati #fypシ ♬ original sound - Freedom_Lover
@lana.itlyasheva

♬ original sound - Freedom_Lover

Дауылдың салдары қандай?

АҚШ-тың Ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, "Милтон" дауылы Сиеста-Ки аралында жергілікті уақыт бойынша Флоридаға 20:30 шамасында жетті, ал желдің жылдамдығы сағатына 195 шақырым болды. Ал бейсенбі таңертең желдің жылдамдығы сағатына 150 шақырымға дейін төмендеген.

"Милтон" дауылының салдарынан Тампада бір тәулікте 279 мм жауын-шашын болып, жүз жыл бұрынғы рекорд жаңартылды. Қаланың шұғыл қызметтеріне өртке, ағаштардың құлауына, электр беру желілерінің үзілуіне, сондай-ақ адамдардың жарақат алуына байланысты 100-ден астам қоңырау түскен.

@ksushalesya Ураган Милтон обрушился на нас этой ночью... Мы не выдержали.. #ураган #милтон #флорида #пипец #жизньвсша #жизньвамерике #нашивсша #переездвсша #milton #miami #florida #hurricane #huricane #usa ♬ Powerful songs like action movie music - Tansa

Штат бойынша өте қатты зардап шеккен қала – Сент-Питерсберг. Желдің екпіні Tampa Bay Rays бейсбол командасы ойнайтын Tropicana Field стадионының шатырының бір бөлігін жұлып әкетті, қала орталығындағы құрылыс кранын құлатты. Орландо халықаралық әуежайында шатырдың бір бөлігі құлап, 9х12 м тесік пайда болғандықтан, әуежай жабылды, абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Фото: Tampa Bay Times / ZUMA Press Wire

Флориданың басты қаласының бірі Орландоның солтүстігінде орналасқан Оранж-Сити қаласының билігінің ақпаратына сәйкес, қаладағы нөсер жол бойындағы топырақты қатты шайып кеткені соншалық, жол төсемінің барлық бөлігі бірден опырылып, ені бірнеше метр болатын жарықтар пайда болған.

Қаланың өрт сөндіру бөлімінің Facebook-тегі ресми парақшасында бірнеше фотосурет жарияланды. Жазбада қала шегіндегі көптеген жолдың опырылғаны немесе су басқаны көрсетілген. Департамент өкілдерінің айтуынша, қазір бригадалар нақты залалды бағалайды, бірақ әзірге жүргізушілер қала жолдарынан аулақ болғаны жөн.

Фото: Оранж-Ситидің өрт сөндіру бөлімі

Орландоның өзі жартылай су астында қалды.

@that_tanginger The most horrifying experience of my life. #hurricanemilton #hurricane #florida #tornado #fyp ♬ original sound - Freedom_Lover

Электр желілерінің үзілуіне байланысты Флоридадағы 3 миллионға жуық ғимаратта әлі де жарық жоқ, ал кейбір елді мекендер ауыз сусыз отыр.

Дауыл салдарынан келтірілген залалдың мөлшері әлі нақты бағаланбады, дегенмен бұл айтарлықтай үлкен сома болатыны анық.

Қаза тапқандар туралы не белгілі?

"Милтон" дауылының салдарынан Сент-Люсия округіндегі кемпингте 5 адам қаза тапты. Тағы 2 адамның мәйіті табылғаны туралы Сент-Питерсберг қаласының билігі хабарлады. Құтқарушылар жақын маңдағы округтен өз үйінің үйінділерінің астынан тағы 1 адамды тапты. Волкуш округінің билігі дауыл кезінде 4 адамның өлімі туралы хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!