Дұрыс тамақтану – жақсы әрі пайдалы, бірақ ерте ме кеш пе шұжық қойылған бутерброд немесе майонез қосылған салат жегіңіз келеді. Дәрігерлердің айтуынша, жалпы арасында мұндай тағам жеу қауіпті емес, бастысы рационыңыз толықтай осындай тағамдардан тұрмауы керек. Ал майонез бен кетчупті араластырса не болады? Бұл екі тұздық та пайдалы өнімге жатпайды. Екеуін араластырса, ағзаға одан бетер зиян ба? Бұл сұрақтарға Naked Sceince-ке терапевт және токсиколог Алексей Водовозов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл тұздық бұрыннан бар
Бұл тұздықты ресми түрде аргентиналық дәрігер, биохимик және химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Луис Федерико Лелуару ұсынды. Ғалым құрмет мадақтамасын 1970 жылы лактозаның матаболистік жолдарын зерттегені үшін алған болатын.
Әрине, "кетчунезді" дайындаудың қатаң рецепті жоқ. Біреулер тұздықтарды 1:1 пропорцияда араластырады, ал басқалар майонезді немесе кетчупті сәл көбірек қосады. Бұл үйлесім жаңа дүние емес, ол бұрыннан бар. Сондықтан оларды араластыруға болмайды деп айтуға келмейді. Алайда мұндай үйлесім денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаманы білу маңызды
Алексей Водовозовтың айтуынша, бұл сіздің тұздықты қалай дайындайтыныңызға және оны қалай жеп үйренгеніңізге байланысты. Әрине, егер күнде майлы фриді "кетчунезге" араластырып жесеңіз, тамақтануыңыз пайдалы емес болады және уақыт өте ол жағымсыз салдарларға әкеледі. Ал вегандық майонезді қанты жоқ кетчуппен араластырсаңыз, мұндай тұздық зиян келтіре қоймайды. Қарапайым кетчуп пен майонезді араластырып, бұл тұздықты арасында және көп мөлшерде жемесеңіз, денсаулығыңызға қорқынышты ештеңе бола қоймайды.