"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев топтағы әріптесі Кенжебек Жанәбіловтен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сәкен Майғазиевтің кешірім сұрауына себеп болған нәрсе - Кенжебектің жартылай кесіліп қалған суреті.
"Кешір, Кенжик, менің дым кінәм жоқ. Шарапат осылай түсірген", - деп жазды Сәкен Майғазиев әлеуметтік желіде әріптесінің жартылай сыймай қалған суретін жариялап.
Фотосуретте Сәкен Майғазиив пен Мейрамбек Беспаевтің бейнесі толық кадрге сыйғанымен, Кенжебектің тек жарты бетін көруге болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!