Кептелістің, қаланы ластаудың негізгі факторы: Алматыда күніне қанша көлік жүретіні белгілі болды

Алматыда күн сайын миллионнан аса көлік жүреді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәлімет бойынша қалада ластанудың 60 пайызға жуығы көліктен келеді.

"Қалада күн сайын 1,1 миллионнан аса көлік жүреді. 2030 жылға қарай Алматы халқы 2,5 миллион адамға жетіп, әр мың тұрғынға 311 көліктен келмек. Бұл жағдай қоғамдық көлікті, яғни метро, LRT, BRT, аспалы жолдар және өзге бағыттарды жедел дамыту қажет екенін көрсетеді", - деді Алмасхан Сматлаев ӨКҚ-да өткен брифингте.

Айта кетейік, 2025 жылдан бастап көлік шығарындыларына қатысты заңнама күшейді, енді ескерту жасалмайды, бірден айыппұл салынады.

Қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға 10 АЕК, заңды тұлғаларға 100 АЕК, ал өрескел заңбұзушылық үшін 20 және 200 АЕК айыппұл қарастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!