Хирург, ортопед-травматолог Павел Семиченков кеңседе үнемі отырып жұмыс істейтіндерге маңызды ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru" басылымына сілтеме жасап.
Павел Семиченковтың айтуынша, отырып жұмыс істеу ауыр дене еңбегінен де қауіпті. Себебі 40 жасқа таман кеңседе жұмыс істейтіндердің жамбас буынында дегенератив өзгерістер (коксартроз) пайда болады. Маман буынға белсенді өмір салты қажет екенін жеткізді.
"Қозғалыссыз өмір салтының салдарынан жамбас бұлшық еттері бірте-бірте толық қимыл-қозғалысын жоғалтады. Отыру - бел омыртқасы мен жамбас буыны үшін ең қолайсыз фактор", - деді дәрігер.
Дәрігер үнемі жаттығу жасауға, жиі отырып-тұруға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова