Америкалық эпидемиолог Терри Детано қауіпті жұқпалы ауру тарататын кенелерден сақтанудың жолдарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі WTOL 11-ға сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, серуен кезінде қалың шөп басқан, бұта-қарағаны көп, жапырақ төселген орманды жерлерден аулақ жүрген дұрыс. Өйткені мұндай аумақтарда кене көбейіп, адамға жабысып алуы мүмкін.
Сондай-ақ, эпидемиолог табиғатқа шыққанда кене мен жәндіктерге қарсы арнайы құралдар қолдануға, барынша жабық киім киюге кеңес берді. Серуеннен кейін өзіңізді және үй жануарларын мұқият қарап шығу қажет. Үйге келген соң душ қабылдау да артық болмайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz