Денсаулық сақтау министрлігі әлі де кене шағу қаупі бар екенін еске салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 12 мыңға жуық адам кене шаққаннан кейін уақтылы кенеге қарсы иммуноглобулин алған. Мамандар орман, саябақ және басқа да табиғи аумақтарды аралау кезінде ұзын жеңді, ашық түсті жабық киім киюді, репеллент пайдалануды, сондай-ақ, киім мен дененің ашық жерін үнемі тексеріп отыруды ұсынды.
"Теріге қадалған кене анықталған жағдайда оны қауіпсіз жолмен алып тастау және шұғыл профилактика жүргізу үшін тезірек медициналық ұйымға жүгіну қажет", - деді ведомство өкілдері.
Кене шаққаннан кейін қызу көтерілсе, бас ауруы, әлсіздік немесе басқа да белгілер пайда болса, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге міндетті түрде кене шаққанын хабарлау қажет.
Айта кетейік, кене энцефалиті - жүйке жүйесіне әсер ететін қауіпті инфекция. Негізгі белгілері - жоғары температура, интоксикация, неврологиялық бұзылыс.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова