- Негізгі бет
- LifeStyle
- Кене шаққан соң...
Кене шаққан соң аурудың алдын қалай алуға болады?
Кене арқылы тарайтын аурулардың бірі – Лайм ауруы. Оны кене боррелиозы деп те атайды. Одан басқа кене безгегі, бабезиоз аурулары да туындауы мүмкін. Оны анықтаудың жалғыз жолы бар. Ағзаға түскен кенені алып, арнайы сынамаға өткізу. Сол арқылы оның ауру таратуы мүмкіндігін анықтауға болады.
Егер бактерия анықталған болса, ауру белгілері алғашқы аптада пайда болып, бірнеше аптадан кейін, тіпті бірнеше айдан кейін ол қатты асқынып, соңы өлімге әкелуі мүмкін. Ауру асқынған кезде мынадай белгілер байқалады.
— Буын қабынуы: Бұл алдымен ауырсыну мен ісінумен көрінеді. Уақыт өте келе жағдай артриттің дамуына және қозғалыстың шектелуіне әкелуі мүмкін.
— Неврологиялық белгілер: Аяқтардыың ұйы қалуы және әлсіздік, қозғалыс белсенділігінің бұзылуы, беттің бір жағының уақытша салдануы, ми қабығының қабынуы (менингит) — бұл неврологиямен байланысты асқынулардың қысқаша тізімі.
— Жүрек-қан тамырлары мәселесі: Соның ішінде ауыр аритмия.
— Бауырдың қабынуы (гепатит).
— Көздің қабынуы.
— Қатты шаршау.
Бұл асқынулар өлімге әкелуі мүмкін. Сондықтан Лайм ауруының асқынуына жол бермей, уақытылы ем алу маңызды.
Егер кене шаққаннан кейін қандай белгілер пайда болады?
— Тұмау ауруы секілді ауырсыну мен әлсіздік пайда болады. Дене себепсіз тоңа береді. Бірақ жөтел, мұрыннан су кету немесе тамақ ауруы болмайды.
— Шаршау және әлсіздік.
— Бас аурулары
— Дененің ауырсынуы
— Бездердің ісінуі
— Мойын тұсында аурулар туындайды
Егер осы белгілердің бірнешеуін қатар байқасаңыз, дәрігер көмегіне жүгініңіз.
Кене боррелиозынан сақтану үшін не істеу керек?
Бір қызығы Лайм ауруын емдегенге қарағанда, оны алдын алған ыңғайлырақ. Сол үшін мына қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
— Табиғат аясына шыққан кезде дұрыс киініңіз. Ұзын жеңді киім, еркін тұратын шалбар мен спорттық аяқ киім болу керек. Шалбарды шұлық ішіне салыңыз. дененің ашық тұстарын жабыңыз. Ашық түсті киімдер киюге тырысыңыз, кенені байқау оңай болады. Бас киім міндетті түрде болу керек.
— Табиғат аясына шыққан соң киім мен дененіңізді қайта-қайта тексеріп тұрыңыз.
— Биік өсімдіктер мен ағаштар арасына кірмеуге тырысыңыз. Кенелер сол жерлерде жиі жүреді.
— Үйге оралған соң 60 °С температурада киімді жуып алыңыз. Киімде көзге түспейтін кене жұмыртқалары қалуы мүмкін.
—Табиғат аясынан оралған соң суға түсіп, бас терісі мен денеңізді тағы бір шолып шығыңыз. Егер кенені байқасаңыз, оны дәрігер көмегімен ғана алуға тырысыңыз. Өйткені, өз бетіңізбен алған жағдайда аяқтары денеде қалып қоюы мүмкін.
— Кене табылса, антибиотик қабылдауды ұмытпаңыз.