- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Келіспей қалған сәттер...
"Келіспей қалған сәттер болды". Салтанат Бақаева күйеуінің Нұржан Керменбаевпен қарым-қатынасы туралы айтты
Актриса Салтанат Бақаева Бота Абдрамановаға берген сұхбатында Нұржан Керменбаев пен күйеуінің қарым-қатынасы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әрқашан күйеуі қолдап отыратынын айтты.
"Тұрмысқа шығатын кезде күйеуіме бәрін ашып айттым. Карьерамды жалғастыратынымды түсіндірдім. Әрине, ол қарсы болған жоқ. Әлі күнге дейін мені қолдап отырады. Күйеуім осы уақытқа шейін бір рет болсын "не отбасы, не карьераны таңда" деп айтпапты. Тек жүкті кездерімде ғана болмашы нәрселерге келіспей қалған сәттер болды. Ондай барлық отбасыда болады деп ойлаймын. Қазір соның бәрін күліп, еске аламын", - деді ол.
Сондай-ақ, өнер иесі Нұржан Керменбаев пен күйеуінің қарым-қатынасы туралы атап өтті.
"Арнау" тобындағы Нұржан Керменбаевпен күйеуімді бірден таныстырдым. Екеуінің әңгімесі бірден жарасып кетті. Ешқашан одан қызғанбапты. Осы ретте екі нәрседен қателеспедім деп айтар едім, мамандық таңдау мен жар таңдаудан. Әрбір қызға да осы екі нәрсеге баса назар аударса деймін. Сіз сол таңдаған адаммен өмір бойы тұрасыз", - деді ол.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы