Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында арасында араздығы бар ене мен келіндерге тіл қатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі ене де, келін де мінсіз болуға міндетті емес екенін алға тартты.
"Маған көп хат келіп жатыр. Енелер жағы "келінім оңбады, сендей болғанда ғой" деп, келіндер жағы "енеммен сыйыса алмайм, сыйлық сыйламаймын" деп жазуда. Мінсіз болуға ене де, келін де міндетті емес. Жақсы қарым-қатынасты өзімізден бастайық. Өзімізге махаббатты, назарды берсек, айнала соны қайталайды… Айнала - айна! Енелер, өтініш, "келіндер маған міндетті" деген ойды қояйық. Келіндеріңізге өз өздерін табуға, тануға уақыт беріп көріңіздер. Әйелдер дамыса, бақытты болады. Әйел бақытты болса, сіздің ұлыңыз, ұрпағыңыз да бақытты!
Келіндер, өтініш, енелеріңіздің кей тұстарын қабылдауға тырысыңыздар. Қанша шетел боламыз дегенмен біз қазақпыз. Ата енелеріміздің түсінігі басқашалау. Жанұя болып, бала сүйіп, жайқалып отырғаныңыз сол ене тәрбиелеген ұлдың арқасы. Үлкендерді өзгертетін біз емес. Өзімізден бастайық. Құтты Келін курсына продажа ертең ашам. 5000 тг дайындап отырыңыздар дееепше. Қалжың", - деп жазған ол.
Тағы да оқи отырыңыздар: Сырға той деген қандай той?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!