Алдағы бес жылда Жердегі орташа температура бойынша жаңа рекорд тіркеледі. Соның ішінде бір жылы кейінгі 70 жылдағы ең ыстық уақыт болуы мүмкін. Синоптиктердің болжамынша, 2027 жыл ең ыстық жыл болмақ. Мұндай болжамды БҰҰ Дүниежүзілік метеорология ұйымы ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дүниежүзілік метеорология ұйымының баяндамасында 2026-2030 жылдар аралығында Жердің орташа температурасы рекорд көрсеткішке жетуі мүмкін деп көрсетілген.
2026-2030 жылдардағы орташа жылдық температура 1850-1900 жылдардағы орташа көрсеткіштен 1,3-1,9 градусқа жоғары болуы мүмкін.
ДМҰ баяндамасына сүйенсек, 2026 және 2030 жылдар аралығындағы жылдардың бірі 2024 жылғы рекордты жаңартып, ең жылы жыл болмақ. Метеорологтар Эль-Ниньо әсерінен 2027 жылы рекорд тіркелуі мүмкін екенін болжап отыр.
Сондай-ақ, алдағы бес қыс бойы Арктикадағы температура 1991-2020 жылдардағы орташа деңгейден 2,8 градусқа жоғары болуы мүмкін. Алдағы бес жылда Солтүстік Еуропада қыс өте ылғалды болады деген де болжам бар, бұл - аймақ үшін негізгі климаттық қатерлердің бірі, ол су тасқыны қаупін арттырады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!