• 498.76
  • 490.7
  • 5.73

“Кек алғым келді“. Бұрынғы күйеуін педофил деп айыптаған блогер шындығын айтты

“Кек алғым келді“. Бұрынғы күйеуін педофил деп айыптаған блогер шындығын айтты
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде блогер Құлпынай Калменова бұрынғы күйеуі Қолғанат Жұмабаевты педофил деп айыптаған болатын. Блогер көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру үшін Руслан Өтепбайдың студиясында өтірік детекторына отырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде туындаған дауда қоғамның ойы екіге бөлінді. Бірі күйеуі жалған сөйлейді десе, екіншілері әйелінікі дұрыс емес деп санайды.

Құлпынай Калменова бұрынғы күйеуінің абыройына нұқсан келтіру үшін оны өтірік айыптады деген қауесеттер де тарады. Блогер күйеуінен кек алғысы келді ме?

"Иә, кек алғым келді. Неге екенін білмеймін. Қазіргі таңдағы мақсатым кек алу емес. Қазіргі мәселе - қыздар. Мені әйел етіп алып тұрып, осындай қиянат істегені үшін жауап берсін деген ой келді. Алайда оны педофил деп айыптағаным кек емес. Оны педофил деп айыптағаным кек алу үшін емес", - деді ол.

Детектор оның жауабын шындық деп таныды.

Өтірік детекторынан Қолғанат Жұмабаев та өтті. Алайда камера сыртында отырған Қолғанаттың анасы жауаптарды естіп, оларды жарияға салудан бас тартқан

Еске салайық, танымал блогер Құлпынай Калменова желіде күйеуімен ажырасуына кішкентай қыздармен көңіл жарастырып, педофилизмге бой алдырғаны себеп болғанын жазды. Блогер бұрынғы күйеуі Қолғанаттың ұялы телефонынан кішкентай қыздармен сөйлескен хаттарын, бірге түскен фотоларын тауып, оны желіге жариялады.

Блогер 10-11 жастағы қыздардың аналарына сол күні ескерткенін айтты. Алайда кішкентай қыздардың аналары бұл жағдайға жеткілікті деңгейде көңіл бөлмей отырғанын жеткізді. Ол таратқан видеода күйеуінің Whatsapp-та екі кішкентай қызды "Айшам" және "Тырысқағым" деп сақтап қойғанын байқауға болады. Сондай-ақ ол қыздарға "ғашық болып қалдым", "кешірші, жаным" деп жазған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова