- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қазіргі болжам: бала...
"Қазіргі болжам: бала ауыстырылған сияқты". Бельгиялықтар асырап алған қазақтың баласына қатысты жаңа дерек айтылды
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Жәнібек біраз уақыт туған елінде болып анасын іздеді, алайда визасының мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстаннан кетті. Ол анасын іздеуге қайта келетінін айтты. Осы орайда "Бармысың, бауырым?" бағдарламасының редакторы Әсел Асқарқызы Жәнібекке қатысты жаңа деректерді бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, перзентханаға қол жазып, тастап кеткенін айтқан әйел табылған. Алайда ДНҚ сараптамасы бойынша нәтиже теріс шыққан. Қазір бала перзентханада ауысып кеткен болуы мүмкін деген де болжам бар екен.
"Жәнібек бүгін Қазақстаннан ұшып кетті, бірақ ол оралады, солай ғой, Жәнібек? Қазіргі нәтиже: қолхат жазған, перзентханаға ұлын тастап кеткен әйел табылды, өкініштісі, ДНҚ сараптамасының алғашқы нәтижесі теріс шықты. Тағы да қосымша тексеріп жатырмыз. Қазіргі болжам: бала ауыстырылған сияқты, өйткені перзентхана архивіндегі бүкіл мәліметті растап, қолхат жазғанын мойындап отырған әйел - Жазира табылды. Ал Жәнібек Жазираның ұлы болмаса, Жазираның өз ұлы қайда? Біз ендігі кезекте 2002 жылғы қаңтарда Арқалық перзентханасында босанған әйелдерге іздеу саламыз. Нәресте кезінде бала ауысып кетсе, қазір Жәнібектің туған анасы Жәзираның баласын бағып отыруы мүмкін ғой? Жәнібектің фотосына қарап, туған ата-анасы өзін тануы да мүмкін. Бұл тек болжам. Жәнібек "Қазақ" радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары редакциясына заң бойынша сенімхат беріп кетті. Аталған оқиғаға қатысты маңызды мәлімет болса, 8-771-321-97-86 (Asel) нөміріне уатсапқа жазсаңыздар болады, кез келген ақпарат құпия түрде қабылданады", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова