Танымал әнші Ақбота Керімбекова сахнаға лайық емес адамдардың шығып, ән шырқап жүргеніне қарсылығын білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақбота Керімбекова бұл туралы Adal ADAM youtube арнасына берген сұқбатында айтты.
"Қазір қазақ сахнасында кім жоқ дейсің? Бәрі жүр ғой. Журналисің де әнші, актерің де әнші, жүргізушің де әнші, мұғалім де әнші. Кімнің ән айтқысы келеді - бәрі сахнаға шығып кетті. Шындығын айтқанда, қазір өнердің де, сахнаның да қадірі кетті. Жалпы, адам баласының қадір-қасиеті азайып бара жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз. Сахнада сахнаға лайықты әншілер жүруі керек деп ойлаймын", - деді ол.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова Adal ADAM youtube арнасына берген сұқбатында қазіргі шоу-бизнесте, сахнада жүрген әншілер, олардың гонорары, ер азаматтардың беделі, отбасы, жеке өмірі туралы ойларын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!