Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді?

Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Күзгі каникул басталады

Мектеп оқушыларына күзгі каникул басталады. Демалыс 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Қазақстандықтар қазанда қалай демалады?

Қазанда қосымша бір күн демалыс беріледі. Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі. 

Бес күндік жұмыс аптасы:

2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:

  • 25 қазан (сенбі);
  • 26 қазан (жексенбі);
  • 27 қазан (дүйсенбі).

Қазанда бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.

Алты күндік жұмыс аптасы:

  • 25 қазан (сенбі) - демалыс;
  • 26 қазан (жексенбі) - демалыс;
  • 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні.

Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады.

Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов 

Қарттар күні атап өтіледі

Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.

depositphotos.com

Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қазанға дейін пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелерінің иелері 2024 жылдағы мүлік салығын төлеуі керек екенін ескертті.

Салық 1 қазанға дейін төленбесе, келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық органдары қарыз туралы хабарлама жібереді. Толығырақ мына тұста.

Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов  

Алғашқы АЭС атауы таңдалады

Жуырда Қазақстанда алғашқы АЭС атауына байқау басталды. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады. Қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауы анықталады.

depositphotos.com

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!