Қазаннан бастап Қазақстанда не өзгереді? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.
Күзгі каникул басталады
Мектеп оқушыларына күзгі каникул басталады. Демалыс 2025 жылғы 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.

Қазақстандықтар қазанда қалай демалады?
Қазанда қосымша бір күн демалыс беріледі. Республика күні - Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке, ол жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі.
Бес күндік жұмыс аптасы:
2025 жылы 25 қазан сенбіге түседі, сондықтан демалыс дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады. Нәтижесінде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады:
- 25 қазан (сенбі);
- 26 қазан (жексенбі);
- 27 қазан (дүйсенбі).
Қазанда бес күн жұмыс істейтіндер 9 күн демалады.
Алты күндік жұмыс аптасы:
- 25 қазан (сенбі) - демалыс;
- 26 қазан (жексенбі) - демалыс;
- 27 қазан (дүйсенбі) - жұмыс күні.
Аптасына алты күн жұмыс істейтін қазақстандықтар қазанда бар болғаны 5 күн демалады.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Қарттар күні атап өтіледі
Жыл сайын бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1990 жылы 14 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 45-сессияда жариялады.
depositphotos.com
Мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады
Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 1 қазанға дейін пәтер, үй, саяжай, гараж және басқа да жер учаскелерінің иелері 2024 жылдағы мүлік салығын төлеуі керек екенін ескертті.
Салық 1 қазанға дейін төленбесе, келесі күннен бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық органдары қарыз туралы хабарлама жібереді. Толығырақ мына тұста.
Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов
Алғашқы АЭС атауы таңдалады
Жуырда Қазақстанда алғашқы АЭС атауына байқау басталды. Ұсыныстар 25 қыркүйектен 10 қазанға дейін қабылданады. Қазанның аяғына дейін АЭС-тің үздік атауы анықталады.
depositphotos.com
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова