Танымал әнші Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаевамен арақатынасы туралы әңгімеледі. Бұл туралы ол "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі енесіне шын жүректен алғысын жеткізді. Ол әсіресе, босанғаннан кейін енесінің тарапынан үлкен қолдау сезінгенін айтты.
"Анамызға үлкен рақмет айтқым келеді. Өте үлкен қолдау көрсетті. Екі ұлды дүниеге алып келді. Зейіннің әжесі, мамамызға үлкен рақмет. "Сізге рақмет" деп айтып бере алмаймыз, қазір үйреніп жүрмін. Іштегі сезімді бөлісуді қазір үйреніп жүрмін. Біз көрші тұрамыз. Қырық күнге дейін сорпасын дайындап, тамағымды дайындап, өзінің үйінен қазанмен тамақ көтеріп маған алып келіп беріп жүрген кезі болды. Өте үлкен қолдау көрдім. Ананы ана түсінеді ғой", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ақерке Бүркітбай күйеуі Әли Оқапов сыйлаған көлігін көрсеткен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!