Қазақтың алғашқы кәсіби музыканттарының бірі өмірден өтті

Қобызшы, қазақтың алғашқы кәсіби музыкант қыздарының бірі Раушан Нұрпейісова 97 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды журналист Дина Имамбай жеткізді.

"Раушан Түсіпбекқызы Нұрпейісова - әйгілі академик Ахмет Жұбановтың шәкірттерінің бірі, Құрманғазы оркестрінің қобызшысы болған. Атақты қобызшылар Дәулет Мықтыбаевпен, Жаппас Қаламбаевпен қатар өнер көрсеткен. 1957 жылы Атырауда музыкалық училищенің және Дина Нұрпейісова атындағы оркестрдің құрылуына атсалысқан. Раушан апа тұнып тұрған тарих еді, 1940 жылдардан бергі қазақ мәдениетінің дамуын көзімен көрген, куә болған", - деп жазды ол.

Өнер қайраткері өмірінің соңғы жылдарында Астанада тұрған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз