Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады

Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 30 қыркүйекке және 1, 2 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алда Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады.

"1 қазанда Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, ал 2 қазанға қараған түні Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбырдың арты қарға ұласады) жауады. Сондай-ақ, 1 қазанда күндіз ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендеп, 2 қазанға қараған түні 1-3 градус үсік жүреді", - деп жазылған хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget