Қазақстанның көк Туы Мәскеу көшелерінде желбіреп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаладағы көрікті жерлердің бірі - Останкино телемұнарасы біздің байрақпен безендірілді.
Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарына дайындалып жатыр.
Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады. Мемлекет басшысы президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!