Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады: уақыты, билет бағасы белгілі болды

Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады: уақыты, билет бағасы белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Air Astana әуекомпаниясы Алматы - Токио - Алматы бағытында тікелей рейстерді іске қосады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұшақтар қашан ұша бастайды?

Тұрақты рейстер 30 қарашадан бастап аптасына екі рет Нарита халықаралық әуежайына орындалады. Жаңа әуе қатынасында Airbus A321LR ұшақтары қолданылады.

Токио - әлемдегі жетекші іскерлік және туристік орталықтардың бірі.

"Жаңа әуе қатынасы Қазақстан мен Жапония арасындағы сауда-экономикалық және мәдени байланыстар дамуына айтарлықтай серпін береді", - деді әуекомпания өкілдері.

Токиоға ұшу уақыты - 7 сағат 30 минут, ал Алматыға қайтатын рейс 9 сағат 25 минутқа созылады.

Билет бағасы

Әуекомпания мәліметінше, эконом санатпен барып-қайтатын билет бағасы 350 552 теңгеден, бизнес санаттағы билеттер 1 398 918 теңгеден басталады.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарына Жапонияға баруға виза керек. Ал Жапония азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз келе алады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget