Қазақстаннан Дубайға рейстер қазаннан бастап қайта қалпына келтіріледі

Air Astana Дубайға тұрақты рейстерін қалпына келтіреді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әуе компания 1 қазаннан бастап Алматы - Дубай - Алматы және 2 қазаннан бастап Астана - Дубай - Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстерін қалпына келтіруді жоспарлап отыр.

"Қазанда ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаяды. Алматы - Дубай - Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін, Астана - Дубай - Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін артады", - деп жазылған хабарламада.

Әуе компания Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғаны айтылды. Қажет болған жағдайда ұшу кестесі өзгеруі мүмкін.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!