1 қазандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 14 666 шетел азаматы еңбек етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатындар
Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 896 жұмыс беруші бар. Оларда 339,1 мыңнан аса Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл - қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.
Шетелдіктер көбіне қай салаларда жұмыс істейді?
- Құрылыс саласында - 4 799 адам;
- Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 3 065 адам;
- Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу - 1 187 адам;
- Өңдеу өнеркәсібі - 1 085 адам.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:
- Қытай - 5 330 адам,
- Өзбекстан - 2 682 адам,
- Түркия - 1 046 адам,
- Үндістан - 1 012 адам.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова