Қазақстанға келген туристер орта есеппен 5 күн болады - зерттеу

Қазақстанға келген туристер орта есеппен 5 күн болады - зерттеу
Фото: instagram.com/angelgel.travel

Қазақстанға келген туристер орта есеппен 5 күн болады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шетелдіктер Қазақстанға көбіне не үшін келеді?

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы қаңтар-шілде аралығына зерттеу жүргізген. 24 мың шетелдіктің 73,1%-ы Қазақстанға жеке мақсатпен келсе, қалған 26,9%-ы іскерлік мақсатпен келген.

Қай өңірлерге жиі барады?

Туристердің жартысынан астамы 25 пен 44 жас аралығында.

Ең көп турист Астана, Алматы қалаларына және Маңғыстау облысына барған. Туристердің 32,5%-ы курорттық аймақтарды аралаған. Олардың ішінде ең көп баратын орындар - Алматы тау кластері және Маңғыстау өңірі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget