"Қазақстанға қайтқым келмей қалды". Ұлыбританияда қырыққабат терумен айналысатын қазақ жігіті жұмысы туралы айтып берді

Шетелде талай қазақ баласы қара жұмыс істеп, қаражат тауып жүр. Солардың бірі Англияда ауыл шаруашылығы өнімдерін жинаумен айналысатын Мейрамбек Омарқұловпен Massaget.kz тілшісі жұмыстың қиындығы, жалақысы туралы сұхбаттасты.

"550 мың теңге жұмсадым"

Оның айтуынша, жұмыстың келісім-шарты ұзақ уақытқа жасалмаған. 

@meiram9208 #сезоннаяработаванглии #работаванглии?? #англияжұмыс #қазақстан?? #алматы #работавеликобритания ♬ оригинальный звук - Meirambek

"Қазір Англияның ауыл аймағындамыз. Бұл жұмысты ғаламтордан іздеп, сайт арқылы таптым. Сайттағы анкетаны толтырған соң онлайн және офлайн әңгімелесу сағаты болды. Сөйтіп, шақырту алдым. Биыл мамыр айында келдім. Маусымдық жұмыс болғандықтан, келісім-шарт 6 айға, яғни қарашаға дейін ғана жасалған. Бізді ұшақтан түскен бетте күтіп алды. Осы егіндік алқабына алып келді. Сөйтіп бірден жұмысқа кірістік. 

Барып-келуге 550 000 теңге жұмсадым. Мұнда бөлме секілді жасалған үйшіктер бар. Соның ішіне орналастық. Тегін интернет, ыстық-салқын су, барлық жағдайы жасалған. Бір бөлмеге екі адамнан орналастырды. Жынысына қарай ұл мен қызды бөлек, ал отбасылы адамдар бір үйге жайғасты", - деді Мейрамбек.

Оның айтуынша, бұл жерде тек қысқа мерзімді маусымдық жұмыстар ғана ұсынылады.

"Бұл жұмысқа желтоқсан-қаңтар айларында анкета толтыру жүргізіледі. Наурыз-мамыр айларында іріктеп, таңдайды. Жұмыс істегісі келетін адам денсаулығын дұрыстап келген дұрыс. Мұнда медициналық сақтандыру болғанымен, дәрі-дәрмек қымбат. Ауырып жұмысқа шықпаса, ақшасы жүрмей қалады. Спортпен айналысып, ширақ әрі психологиялық-моральдық жағынан мықты болғаны жөн.

Визаны бізге 6 айға ғана берді. Себебі жұмыстардың барлығы дерлік маусымдық, қысқа мерзімде орындалады. Қазір мен алқаптан ауыл шаруашылығы өнімдерін, капуста, брокколиді жинаймын. Аптасына бір күн демалыс беріледі. Оны алмай жұмыс істей беруге болады. Жұмыс уақыты әртүрлі, берілген жұмысқа байланысты болады. Мысалы, біз таңғы 7-де бастап, түскі 12-де аяқтаймыз. Бос уақытта кітап оқып, спортпен айналысуға болады. Бір айлық жалақыны орташа айтсам, 800 мың теңгедей болады. Бірақ, мұнда аптасына төленеді. Яғни, бір аптада азық-түлік шығындарынан бөлек 200-230 мың теңге беріледі", - деді Мейрамбек. 

"Қазақстанға қайтқым келмейді"

Мейрамбектің айтуынша, Англия халқы минимализмді жақсы көреді.

@meiram9208 Капуста егу процесі #англияжұмыс #англияфермаполеурожай #англиякапуста ♬ оригинальный звук - Nurtilekov Nurgasyr ff

"Анлияда байқағаным, адамдар қарапайым өмір сүргенді ұнатады. Минимализмді жақсы көреді. Басқа ұлттарға, мигранттарға көзқарастары жақсы. Бөлектеу дегенді байқамадым. Қарт кісілер, зейнеттегі адамдар өте белсенді, қаржылық жағдайы жақсы. Барлығында машина, үй бар. Меніңше, мұнда қаржылық сауаттылық өте жақсы дамыған. Миллионер мен қарапайым адамдарды ажырата алмайсың. Мақтан жоқ", - деді ол. 

Ол Қазақстанға қайтқысы келмейтінін айтты.

"Негізгі мамандығым - психолог. Қазақстанда мамандығым бойынша жұмыс жасадым. Бірақ айлық аз. Сондай-ақ, қазақша астау жасайтын жеке кәсібім бар. Елге барған соң қайта жалғастыру ойымда бар.  Негізі ағылшын тілін үйрену үшін келген едім. Келесі жылы тағы шақырамыз деп отыр. Өзімнің де келетін ойым бар. Мұнда келген соң Қазақстанға қайтқың келмей қалады екен. Тіл үйренген соң Америкаға оқуға тапсырғым келеді", - деді Мейрамбек.
 

"Мұнда қазақтар көп"

@meiram9208 Англиядағы жұмыс поля #англияработа #работаванглии #казахиванглии ♬ оригинальный звук - Meirambek

Мейрамбек Ұлыбританияға "жұмысқа тұрғызамын" дегендердің арбауына түсіп қалмауды ескертті.

"Жалпы мұнда ешкімнің көмегінсіз сайттағы анкетаны толтырып, өзі келген дұрыс. Талаптары оңай. 18-50 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Тек сотталмаған және шетелге шығуына тыйым салынбаған адам болуы керек. Сондай-ақ, көздің көру қабілеті мен қолдың моторикасы тексеріледі. Келушілерге тіл білу міндетті емес. Себебі, үйрететін адамдар бар. Олар супервайзерлер деп аталады. Дегенмен, ағылшын тілін білсе, өзі үшін пайдалы болады. Қыдырасың, сыртқа шығасың, сондай кезде қиналмайсың

Мұнда қазақтар өте көп. Мысалы, менімен бірге 21 адам келді. Жалпы көпшілігі күмәнданып, қорқып жатады ғой. Бірақ заңды жұмыс екенін айтқым келеді. Яғни, Қазақстан мен Англия арасында екі ел келісім-шарт жасасқан", - деді ол.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде бірнеше адам түрлі адамдарға алданып, ақшаларын қайтара алмаған.

"Мұнда компанияны ешкім таңдай алмайды. Себебі толтырған анкетаға қарай жұмыс беруші шақырту жібереді. Оларды іздеп, ғаламтордан қарауға болады. Егер ұнамаса, бас тартуға болады. Ал екінші рет әңгімелесуден кейін бас тартуға мүмкіндік берілмейді. Жекеменшік компаниялар адамдарды көп алдайтынын байқадым. Анкета толтырып, соны жіберудің өзіне 800 мың сұрайды екен. Оны тегін-ақ істеуге болады ғой. 180 адам осылай алданған. Жартысы ақшасын қайтарды, кейбірі қайтармады", - деді Мейрамбек.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 10-сынып оқушысы 6 баланы көлікпен қағып кеткені туралы жарияланған болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: Телефон неге қызып кете береді? 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!