- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қазақстандықтарға керек шетелдіктердің...
Қазақстандықтарға керек шетелдіктердің өмір салты
Өзімізге тән діліміз бар. Соған қарамастан көптеген таптаурындармен өмір сүреміз. Жұрт қалай ойлайды, не дейді және қалай өмір сүрген дұрыс деген сұрақтар жиі мазалайды. Кейде бізге шет мемлекеттерде қалыптасқан өмірді сол қалпында қабылдау мен әр сәттен рахат алу сезімі жетіспейді. Қазақстандықтарға керек шетелдіктердің өмір салтын назарға ұсынамыз
Лагом — барлық нәрсені аздан пайдалану
Швед философиясы лагом VIII ғасырда пайда болған. Бұл дәстүр викинг аздаған алкогольді сусынды бәріне жеткілікті болу үшін аз-аздан ішу дәстүрі арқылы қалыптасқан. Лагом барға шүкір етіп, "қанша керек, сонша тұтыну" деген түсінікті білдіреді.
Кайдзен — барлық нәрседе тәртіп
Кайдзен — үздіксіз жетілдіруді білдіретін жапон философиясы. Жапондықтар кайдзен қағидаларын өндірісте де, жеке өмірінде де пайдаланады. Кайдзен бойынша өмір сүру дегеніміз — бастаған істі соңына дейін жеткізу, өз дағдыларыңызды жетілдіру және шыңдау, барлық процестерді ретке келтіру.
Калсарикянни — демалыс мәдениеті
Көбінесе менталитетіміз қиын жұмыс күнінен кейін де достарымызға немесе туыстарымызға қонаққа барудан бас тартуға мүмкіндік бермейді. "Бара алмаймыз" дегеннің өзінде өзімізді кінәлі сезінеміз.. Финдер үйде бір шын шарап ішіп немесе теледидар қарауды уақытты босқа өткізу емес, калсарикянни деп санайды.
Хюгге — бақытты болу оңай
Хюгге — бұл даттардың бақыт философиясы, өмір салты және белгілі бір мағынада даттардың ділі. Бұл философияның негізі өмірдің қарапайым қуаныштарынан ләззат алуда, сәттерді бағалай білуде, айналаңызда жайлылық жасауда жатыр.
Ваби-саби — мінсіздікті қабылдау
Жапондықтар сұлулықты қарапайым нәрседен көруді үйренді: сарғайған жапырақ, жауынды күн, ағаштың қыртыс беті. Ваби-саби философиясы – жетілмеген нәрседен үйлесім тауып, одан сұлулықты табу өнері.