- Негізгі бет
- LifeStyle
- Қазақстандықтарды "16 тамыздағы...
Қазақстандықтарды "16 тамыздағы жойқын жер сілкінісі" туралы ақпарат шошытты
Telegram арналарының бірінде 16 тамызда сағат 4:00-де бүкіл планетада ірі жер сілкінісі болатыны туралы ақпарат шықты. Бұл туралы ресейлік саясаткер Жириновскийдің мұрағаттарынан табылған карталарда жазылған екен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл - фейк.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді. Қазақстан аумағында да. Елімізде шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиғалар, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері "112 KZ" телеграм-арнасында және www.seismology.kz сайтында жедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер", – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмология институтының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан