Қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың концерттерін тоқтатуды талап етіп жатыр

Қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың концерттерін тоқтатуды талап етіп жатыр
Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_resmi/

Жуырда танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен арадағы жағдай туралы бар шындықты айтып, журналист Жанар Байсемізге көлемді сұхбат берді. Қоғам бұл жайтты қызу талқылап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Cұхбаттан кейінгі жазба

Сұхбаттан кейін Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

"Ажырасқан ару да, екіге кеткен еркек те мойындайтын бір нәрсе бар. Ол - ешкімге ұнамайтын жалғыздық! Бірақ ешқайсы білдірмейді, сыр бермейді. Өтірік күледі, өтірік жүреді. Уайымдайды, махаббат керек екенін мойындайды. Шаршайды, шәй ішкен сағынышты күндерін аңсайды. Үмітін үзбейді, сол бақытты күндерін іздейді. Себебі жалғыздық жүректен кетпейді, екеу болғанға ештеңе жетпейді… Ақын, композитор Ерболат Қарақойшы інім жүрегімде жатқан ой мен мұңды ән қып суырып, жыр қып жазып берді. Тыңдаған бойда жыладым. Жер бетінде барлық жұп ажырамасын! "Жалғыздық ұнайды" деген сөз - өтірік!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мөлдір Мұқан (@moldir.mt)

Халықтың пікірі

Ал кейбір желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың концерттерін тоқтатуды талап етіп жатыр.

"Бойкот", "Бәріңізді концерттеріне бармауға шақырамын", "Концертіңізге ешкім бармайды деп сенемін", "Кәнсіл", "Әйелді қадірлемесеңдер, құндарың - 1 тиын", - деді олар.

Әлеуметтік желіден

Десе де отбасына араласпай, тек өнерін бағалау керек екенін айтқандар да табылған: "Отбасылық мәселесінде не жұмыстарың бар, өнерін тыңдаңдар", "Тұрсынбек, сені қолдаймын! Біз сенің отбасың үшін емес, өнерің үшін көріп жүрміз".

Бұған дейінгі жағдай

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқанова Тұрсынбек Қабатовпен ажырасқанын растады. Мөлдір Мұқанованың сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов та пікір білдіріп, балаларын блокқа қоймағанын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget