Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні және Жаңа жылда қалай демалады: күнтізбе

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күні және Жаңа жылда қалай демалады: күнтізбе
Фото: depositphotos.com

Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 2024 жылдың соңғы айында 10 күн және 2025 жылдың алғашқы айында 11 күн демалады. Massaget.kz тілшісі ыңғайлы күнтізбе ұсынады.

Қазақстандықтар желтоқсанда қалай демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында Тәуелсіздік күніне орай қосымша демалыс алады. 2024 жылы бұл мереке дүйсенбіге түсіп тұр, сондықтан ел тұрғындары үш күн қатарынан демала алады:

  • 14 желтоқсан, сенбі: аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін бұл күн - жұмыс күні, ал аптасына бес күн жұмыс істейтіндер бұл күні демалады;
  • 15 желтоқсан, жексенбі: демалыс;
  • 16 желтоқсан, дүйсенбі: Тәуелсіздік күні (барлығы демалады).

Ал 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күндері.

Қазақстандықтар қаңтарда қалай демалады?

2025 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар Жаңа жылға орай 1 және 2 қаңтарда демалады. Содан соң 3 қаңтар жұмыс күні болады. Кейін 4 және 5 қаңтар қайтадан демалыс. Қазақстандықтар Рождество күніне орай 2025 жылдың 7 қаңтарында, сейсенбіде қосымша демалыс алады. 

2025 жылғы қаңтарда қазақстандықтар аптасына неше күн жұмыс істейтініне байланысты әртүрлі демалады.

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күні;
  • 1 және 2 қаңтар - демалыс, Жаңа жыл;
  • 3 қаңтар (жұма) - жұмыс күні;
  • 4 және 5 қаңтар - демалыс;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) - жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) - демалыс, Рождество.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 30 және 31 желтоқсан - жұмыс күні;
  • 1 және 2 қаңтар - демалыс, Жаңа жыл;
  • 3 және 4 қаңтар - жұмыс күні;
  • 5 қаңтар (жексенбі) - демалыс;
  • 6 қаңтар (дүйсенбі) - жұмыс күні;
  • 7 қаңтар (сейсенбі) - демалыс, Рождество.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтар қарашада қалай демалатынын ұсындық. 

Оқи отырыңыз: Биыл қыста ауа райы қандай болады?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова