Қазақстандықтар енді Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Бұл туралы Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сенаторлар азаматтардың сапары және олардың сол елде болу тәртібі, сондай-ақ, Қазақстан мен Армения арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады.
Бірінші құжат екі ел арасындағы сапарларды жеңілдетеді: енді Қазақстан азаматтары үшін жеке куәлік жеткілікті, оған қоса тіркеусіз сол елде болу мерзімі алты ай ішінде 90 күнге дейін ұзартылған.
"Бұл туризмді, іскерлік және гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді", - деді Максим Споткай.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова