Жаздың соңғы айында қазақстандықтар Конституция күнінің арқасында бір күн артық демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Конституция күні - Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.
2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан "Мерекелер туралы" заңда көзделген қағидаға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.
Тамызда бес күн жұмыс істейтіндерге 10 демалыс күні беріледі. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:
Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де қосымша демалыс күндерін пайдалана алады. Демалыс кестесі:
Алты күндік жұмыс аптасындағылар тамызда 6 күн ғана демала алады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!